Download 224936* 224936
Transcript
g) Сатыда жұмысты орындау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз. h) Құрылғы тесіктеріне ештеңе салмаңыз. Тесіктер жабылған болса, құрылғымен жұмыс істемеңіз. Тесіктерде шаң, түк, шаш және ауа ағынын қиындатуы мүмкін барлық нәрсе болмауы керек. 5.3 Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру a) b) c) d) e) f) g) h) i) j) k) l) m) Жұмыс орнының жақсы жарықтандырылуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Нашар желдетілетін жұмыс аймағы шаңның жоғарғы концентрациясына байланысты көңіл-күйдің нашарлауының себебі болуы мүмкін. Жұмыс орнында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде сақтаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік жарақаттану қаупін арттырады. Қолданылмайтын электр құралдарды балалар жетпейтін жерлерде сақтаңыз. Құрылғыны оны қолдана алмайтын немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған тұлғаларға бермеңіз. Қажетті тәжірибесі және/немесе білімі жоқ тұлғалар я болмаса дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген тұлғалар қолданса, құрылғылар қауіп төндіреді. Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған құрылғыға жақындауына жол бермеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін. Құрылғыны тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдан ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе буларды тұтандыруы мүмкін. Бөгде адамдарға құрылғыға немесе ұзартқыш кабельге тиюге рұқсат етпеңіз. Ыңғайсыз қалыптарда жұмыс істемеңіз. Әрқашан тұрақты күйді және тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз. Табаны сырғымайтын аяқ киімді пайдаланыңыз. Жұмыс кезінде желілік және ұзартқыш кабельдердің әрқашан құрылғы артында болуын қадағалаңыз. Бұл жұмыс кезінде оларға сүріну қаупін азайтады. Жұмыстан кейін міндетті түрде желілік және ұзартқыш кабельдерді және соратын шлангыны жинаңыз. Бұл оларға шалыну қаупін азайтады. Құрылғыны кран көмегімен тасымалдамаңыз. Құрылғыны желілік розеткаға қосу алдында құрылғының өшірілгеніне көз жеткізіңіз. 5.4 Жалпы қауіпсіздік шаралары Тек сәйкес құрылғыны қолданыңыз. Оны тек мақсатына сай және тек дұрыс күйінде пайдаланыңыз. b) Ешқашан құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. a) c) d) e) f) g) h) i) j) k) l) m) n) o) Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Құрылғыны өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз. Құрылғыны аяздан қорғау керек. АБАЙЛАҢЫЗ – Қолданылмайтын құрылғыларды сенімді жерде сақтаңыз. Бұл үшін құрғақ, жоғары орналасқан немесе жабық, балалар жетпейтін жерді таңдаңыз. Назар аударыңыз: тасымалдау кезінде немесе М класының шаңсорғышын қолданбаған жағдайда соратын келте құбырды бітеуішпен жабу керек. Құрылғы қолданылмайтын уақытта (мысалы, жұмыстағы үзілік уақыттарында), сондай-ақ, сүзгіні ауыстыру және күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткізу алдында әрқашан желілік кабель айырын электр желісінің розеткасынан шығарыңыз. Тасымалдау алдында құрылғыны өшіріңіз. Құрылғыда және саймандарда зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Құрылғыны әр пайдалану алдында қорғауыш аспаптардың және оңай зақымдалатын бөлшектердің дұрыстығын және қызмет етуін мұқият тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар баржоғын тексеріңіз. Олар еркін, сыналануларсыз қозғалуы керек. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылған болуы және құрылғының дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық шарттарға сай болуы керек. Зақымдалған қорғауыш аспаптарды және бөлшектерді осы нұсқаулықта басқа нұсқаулар болмаса, арнайы сервис орталығында жөндеу немесе ауыстыру керек. Сүзгінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Сүзгінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Аспапты жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл аспап қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді. Аспапты баптау, оның құрама бөліктерін ауыстыру немесе жұмыста үзіліс жасау алдында айырды розеткадан шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы аспаптың кездейсоқ қосылуын болдырмайды. Құрылғыны, оның саймандарын және т.б. оның техникалық мәліметтеріне сай және дәл осы құрылғылар түірн қолдану бойынша нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз. Құрылғыны басқа мақсатта қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Шаңсорғышпен электрмен қамту кабелінің үстінен өтпеңіз. Тұрақты түрде нұсқауларға сай щеткамен су деңгейінің шектегішін щеткамен тазалау және онда зақымдар жоқ екенін тексеру керек. 139 Printed: 11.12.2014 | Doc-Nr: PUB / 5071292 / 000 / 06 kk