Download Philips FC8950
Transcript
16 ҚАЗАҚША 5 Шаң жинағыш шелекті MAX көрсеткішіне дейін су толтырыңыз (Cурет 16). Құрылғыны сусыз қолданбаңыз. Әрдайым шаң жинағыш шелекке MIN және MAX көрсеткішінің арасындағы деңгейге дейін су толтыруды ұмытпаңыз. Егер суға көбіктендірмейтін сабын немесе иіссу қоссаңыз, пайдаланғаннан кейін шаң жинағыш шелектің ішінде көбікті таратпау үшін шаң жинағыш шелек пен AquaWeb құралын дұрыстап тазалағаныңызға көз жеткізіңіз. Ескерту. Егер көбік шаң жинағыш шелектің ішінде тараса, сорғызуды тоқтатыңыз. Шаң жинағыш шелекті босатып, оған таза су құйыңыз. 6 Шаң жинағыш шелекті құрылғыға қайта салып, қақпақты ауа сүзгісімен бірге шаң жинағыш шелекке салыңыз (Cурет 17). 7 Қақпағын жабыңыз (Cурет 18). 8 Шлангты құрылғының ішіне мықтап кіргізіп жалғаңыз (сырт ете түседі) (Cурет 2). 9 Қуат сымын құрылғыдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 10Құралды қосу үшін, құралдың төбесіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 19). 11Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 20). Тазалау және күтіп ұстау Сүзгілерді тазалама немесе алмастырмас бұрын, құралды міндетті түрде токтан ажыратыңыз. Шаң жинағыш шелек және AquaWeb Әр шаң сору кезеңінен кейін шаң жинағыш шелекті AquaWeb құралын тазалаңыз. 1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз (Cурет 19). 2 Босату түймесін (1) басып, шлангты (2) шығарыңыз (Cурет 3). 3 Қақпақты ашыңыз (Cурет 13). 4 Ауа сүзгісінің тұтқасынан ұстап, шаң жинағыш шелектің қақпағын көтеріңіз (Cурет 14). 5 Шаң жинағыш шелектің тұтқасын тігінен (1) қойыңыз. Құрылғыдан шаң жинағыш шелекті көтеріп шығарыңыз (2) (Cурет 15). 6 Шаң жинағыш шелекті бақалшақтың ішінде босатыңыз (Cурет 21). Кеңес AquaWeb құралын кептіргіш ретінде пайдалануға болады. 7 AquaWeb құралын шаң жинағыш шелектен алып, оны ағын судың астында тазалаңыз (Cурет 22). 8 Шаң жинағыш шелекті босатыңыз, сосын тазалап кептіріңіз (Cурет 23). 9 AquaWeb құралын таза шүберекпен кептіріңіз немесе оны шаң жинағыш шелекке салмастан бұрын оны ашық ауада кептіріңіз (Cурет 24). 10Шаң жинағыш шелекті құрылғыға қайта салып, қақпақты ауа сүзгісімен бірге шаң жинағыш шелекке салыңыз (Cурет 17). 11Қақпағын жабыңыз (Cурет 18).
This document in other languages
- русский: Philips FC8950
- Türkçe: Philips FC8950